Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Кабулда жарылыс салдарынан 60-тан астам адам көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстан астанасы Кабулда жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 60-тан асты, ал 207 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған, деп хабарлайды РИА Новости.

Кабулда жарылыс салдарынан 60-тан астам адам көз жұмды

Белгілі болғандай, Кабулда электр тарату желісінің құрылысына қарсы ереуіл кезінде екі  ірі жарылыс болған.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, шабуылды 3 лаңкес ұйымдастырмақ болған. Алайда бірінің жарылғышы іске қосылмай қалады. Ал үшіншісін күш  құрылымдары атып өлтірген. Рейтер агенттігі жарылыс үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы  мойнына алды деп хабарлауда.