20:52, 26 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Кабулдағы ЦРУ-дың өкілдігіне шабуыл жасалды
АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - Кабулдағы ЦРУ-дың өкілдігіне содырлар шабуыл жасады, деп хабарлайды Лента.ру.

НАТО басқаратын коалиция күштеріне сілтеме жасаған CNN ақпарат агенттігі дүйсенбіге қараған түні Кабулдағы АҚШ кешеніне кіретін ғимараттардың біріне шабуыл жасалды деп хабарлайды.
Ауғанстан Ішкі істер министрілігінің қызметкерлері америка барлаушылары орналасқан Ariana қонақ үйінде жексенбі, 25 қыркүйекке қараған түнде "бірнеше минут бойы атыс орын алды", деп қана мәлімдеді. Болған оқиғаның басқалай бүге-шігесі нақтыланбайды. Өйткені ауған полициясына қонақ үйдің аумағына енуге рұқсат жоқ көрінеді.