Кабулдағы Иран елшілігі маңында жойқын жарылыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстан астанасы - Кабулдағы Иран елшілігінің қоршауының маңында болған жарылыс салдарынан бір адам қаза тауып, екіншісі түрлі жарақат алды, деп жазады шетелдік БАҚ.

Кабулдағы Иран елшілігі маңында жойқын жарылыс болды

Ауғанстан ІІМ басшысының орынбасары Мохаммад Аюб Саланги мәлім еткендей, түрік дипмиссиясы маңындағы тұрақта тұрған Түркия елшілігінің көлігіне шабуыл жасалған.

Жарылыс салдарынан жүргізуші қаза тапты, бір адам жарақаттанды, деп хабарлады ІІМ басшысының орынбасары.

Бұл қылмысқа жауапкершілікті Талибан қозғалысы мойнына алды. БАҚ-қа таратылған хабарламада талибтер шабуыл нысаны «шетелдік көлік легі» болғанын хабарлаған.