Кабулдағы лаңкестік құрбандары 16 адамға дейін өсті
АСТАНА. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат - Кабулдағы лаңкестік құрбандары 16 адамға дейін өсті. 50-ден астам адам жарақат алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Қаза болғандардың ішінде халықаралық күштер құрамындағы 6 итальяндық жауынгер бар. Үш итальяндық жарақат алды.
Жанкешті Кабулдың орталығы мен әуежай арасын жалғастыратын жолға мина қойылған автокөлікті жанынан итальяндық әскери патруль өтіп бара жатқан кезде жарып жіберген. Лаңкестік жауапкершілігін тәліптер мойындарына алды.