Кабулдегі БҰҰ миссиясына жасалған шабуылдың салдарынан 12 адам оққа ұшты

АСТАНА.  Қазанның   28-і. ҚазАқпарат - Кабулдегі БҰҰ  миссиясының  ғимаратына  тәлібтер  жасаған  шабуыл     барысында  12 адам қаза тапты: 
None
None

атап айтқанда,     миссияның алты қызметкері, екі  күзетші,  бір бейбіт ауғандық   және шабуылдаушы  үш   адам     оққа ұшты.  Бұл туралы AFP агенттігі   хабарлады.    Бұған дейінгі ақпараттарда    тек   БҰҰ  миссиясының алты    қызметкерінің   қазасы  туралы  ғана айтылған  болатын.

 Миссияның   9  қызметкері  жараланған.    Мерт  болғандар  мен  зардап шеккендердің  азаматтықтары  туралы әзірге ештеңе айтылмай  отыр.    Ал    өлтірілген   тәлібтердің  денелері сараптамаға  жіберілді.    Оқиға куәгерлерінің айтуынша,     ғимаратқа  шабуыл жасаған     содырлар  полиция формасында болған.

 Лаңкестер  Кабулдегі  президенттік сарайға     граната   лақтырған, бірақ       жарылыстың салдарынан  ешкім зардап  шекпеген.  Сондай-ақ     шетелдіктер    тұратын Serenа  қонақүйіне  де  снаряд атылған,    бірақ ол   жарылмай  қалған.   БҰҰ өкілі Эдриан Эдвардстың  хабарлауынша,  орын алған   оқиғаның   миссияның жұмысына   тигізіп отырған  әсерін     бағалау керек.

 «Талибан»  өкілдері  бұқаралық ақпарат құралдарына,  лаңкестік әрекеттерді      президенттік сайлаудың екінші   турының  қарсаңында     жасалғанын   мәлім еткен.    Содырлар  сайлауға кедергі келтірмек:    сайлаудың   бірінші  кезеңі   өткен күні   елде 140 шақты лаңкестік әрекет  жасалған  болатын.  Тәлібтер    жаңа  лаңкестік әрекеттер  жасаймыз  деп,     өкіметке  қоқан-лоққы жасап  отыр.

Соңғы жаңалықтар