Кабулдегі терактіден 50 адам қаза тапты - БАҚ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Кабулде болған жойқын жарылыс салдарынан 50-ге жуық адам опат болып тауып, 150-ге жуығы жарақат алды, деп хабарлайды Лента.ру.
Reuters агенттігінің куәгерлерге сілтеме жасап таратқан мәліметтеріне сүйенсек, Ауғанстан астанасында жарылғыш заттар қойылған автомобиль жарылған.
Бұл ретте агенттік денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап жойқын жарылыстан, 15 адам мерт болып, 300 адам зардап шеккендігін айтты.
Айта кетейік, Ауғанстанда жарылыс Германия елшілігіне жақын жерде орын алған. Ол жерде дипломатиялық өкілдіктен басқа Ұлттық қауіпсіздік директораты сияқты бірқатар ведомстволар орналасқан. Оқиғаны әзірге ешқандай содырлар тобы өз мойнына алған жоқ.