03:48, 15 Қазан 2012 | GMT +5
Қабылан 7 жасар балаға шабуыл жасады
АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - Мәсеудегі Домодедовада цирктің қабыланы 7 жасар балаға шабуыл жасады, зардап шеккен сәби қазір Филатов атындағы қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр,
деп хабарлады Утро. ру.
Бұл оқиға 13 қазанда кешкі уақытта болды. Көшпелі цирк жергілікті мәдениет сарайында өнер көрсеткен. Шоу аяқталған соң 7 жасар бала қызықтап қабылан ойқастап жүрген бөлмеге кірген көрінеді. Тағы аң оған бас салған. Әйтеуір жыртқыштың үйретушісі қабыланмен алысып жүріп сәбиді ажал аузынан алып қалыпты.
Балаға операция жасалды, жағдайы ауыр. Дәрігерлердің айтуынша, тағы да ота жасалуы қажет.