Қабылан Непал әуежайының жұмысын тоқтатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұшу-қону жолағына шығып кеткен қабыланның кесірінен тұтас Непал халықаралық әуежайының жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлады РИА Новости.
Дүйсенбі күні таңертең Непал астанасы Катманду қаласындағы Трибхуван әуежайы ұшу-қону жолағына жыртқыш аңның шығып кетуі себепті жабылды. Жедел түрде оқиға орнына полицейлер мен орманшылар келді және жарты сағатта әуежай жұмысы қалпына келтірілді.
Әуе айлағының солтүстігі орманмен қоршалған. Жыртқыш аң іздестірілуде.