«Қабылдау бөлмелері қазақша білмей ме?» - республикалық басылымдарға шолу

АСТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 13 қазан, сенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.
None
None

 ***

 «Халқымызда «Бірінші байлық - денсаулық» деген аталы сөз бар. Алай­да, қазіргі таңда осы басты байлығымызды тұншықтырып отыр­ған бір дерт бар. Ол - никотинге тәуелділік. Бұл - қазіргі ғана емес, бо­ла­шақ ұрпақтың да денсаулығына ерекше қауіп төндіретін қатер. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйы­мының деректеріне қарағанда, бүгінгі күні жер бетіндегі халықтың 18 пайызы немесе 1 миллиард адам темекіге тәуелді. Жыл сайын әлемде 5,5 миллионға жуық адам темекіге байланысты аурулардан көз жұмады», деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті сенбілік санындағы «Никотинге тәуелділік - қатерлі дерт» деген тақырыптағы мақаласында. Басылымның атап өтуінше, мұндай қайғылы статистиканың Қазақ­станға да қатысы бар. Халықтың 27 пайызы немесе еліміздің әрбір төртінші тұрғыны никотинге тәуел­діліктен зардап шегуде. Әсі­ре­се, жас балалардың темекі тартатыны алаң­датады.

 «Егемен Қазақстан» газетінің жазуынша, Ослода Нобельдің Бейбітшілік сыйлығының лауреаты жария етілді. Үстіміздегі жылы сыйлық Еуропа Одағына берілді. Ұйымдастырушылардың түсіндіруінше, ЕО сыйлықты Еуропада демократияны дамытқаны және Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өңір елдері арасын татуластырғаны үшін алып отыр.  Мәлімдемеде Еуропа Одағының «ха­лықтар арасындағы бауырластық» қыз­ме­тін атқарып отырғаны атап көрсетіледі. Бұл жаңалықты Еу­ро­парламенттің спикері Мартин Щульц көзіне жас алып отырып қабылдаған. Осы орайда Еуропа Одағына үстіміздегі жылы 62 жыл тол­ғанын айта кетейік. Оның қазір 27 мүшесі бар. 

***

Хан моласы зерттеліп, венгерлер бет-бейнесін жасаған соң, «Әбілқайыр ханға кесене тұрғызу қажет» деген ұсыныс жасалды. Енді комиссия құрылып, тарихи орынның жобасы дайындалады. «Хан моласы» қорымында 1983 жылдан бері зерттеу жұмыстарын жүргізіп келе жатқан ғалым, Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Серік Әжіғалидің айтуынша, қазақ даласын тарихсыз қалдыруға болмайды. Сондықтан хан сүйегі табылған орында үлкен мемориалдық кешен салынып, ол мекен туризмнің бір бөлігіне айналуы тиіс. Бұл турасында «Айқын» газетінің бүгінгі санындағы «Әбілқайыр ханға кесене салынады» деген тақырыптағы мақалада кеңінен баяндалған.

 «Ақбұлақ» бағдарламасының көптеген жобаларын шенеуніктер өте сауатсыз жасаған. Осының кесірінен, тіпті, ауру малдар өлекселері көмілген молаларға келіп тірелген жобалар бар екен. Сенаттың «Өңір»  депутаттық тобының кешегі отырысында «Ақбұлақ» бағдарламасының былық-шылықтары ашық айтылды. Ашық айтқан да - Үкіметтің өз өкілдері. Осы жиында төбе шашты тік тұрғызар тағы бір мәлімдеме жасалды: егер таза сумен қамтуды тым ұзаққа созып жіберсе, сапалы ауызсудан тарығып отырған 3 миллион халық үдере көшуі мүмкін»,-деп жазады «Айқын» бүгінгі санындағы «Сауатсыз жасалған бағдарлама» атты мақаласында

***

«Бастықтардың хатшылары көбіне орысша сөйлейді. Тек ресми тілде сөйлесуге тиіспіз деп түсінетін сияқты. Бәлкім, мемлекеттік тіл - қазақ тілі екені олардың құлағына жетпеген шығар?»,-деп жазады  «Астана ақшамы». Әйтеуір қашан телефон шалсаңыз да: «Алло, здравствуйте! Слушаю вас!» деп шаңк етеді. Оған етіміз үйренгені сонша, қазақша амандасатын хатшыны көз алдымызға елестете алмайтын күйге жеттік бүгінде. Бұл мақала басылымның бүгінгі санында «Қабылдау бөлмелері қазақша білмей ме?» деген тақырыппен жарияланып отыр.

Соңғы жаңалықтар
Референдум