Қадағаланатын саладағы стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиiмдiлiгiн бағалау жөніндегі әдістеме бекітілді

АСТАНА. 21 шілде. ҚазАқпарат - ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің бұйрығымен Қадағаланатын саладағы/аядағы /өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиiмдiлiгiн бағалау жөніндегі әдістеме бекітілді.

Қадағаланатын саладағы стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиiмдiлiгiн бағалау жөніндегі әдістеме бекітілді

 

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

 Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің бұйрығы

Астана қаласы, 2012 жылдың 30 мамырынан, №179 бұйрық

Қадағаланатын саладағы/аядағы /өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиiмдiлiгiн бағалау жөніндегі әдістемені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржылан­дырылатын атқарушы органдардың, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiне бағалау жүргiзу ережесiнің 23-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиiмдiлiгiн бағалау жөніндегі әдістеме бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті (А.Ә. Рахымбаев):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелуден кейін 10 күнтізбелік күн ішінде ресми жариялауға жіберуін;
3) осы бұйрықтың қолданысқа енгізілген күнінен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде ресми жариялануын;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

Министр Б.САҒЫНТАЕВ.

Қазақстан Республикасының  Экономикалық даму және сауда  министрінің 2012 жылғы 30 мамырдағы  № 179 бұйрығымен бекітілген

Әдістеменің мәтіні республикалық БАҚ-да жарияланды.