11:40, 25 Сәуір 2011 | GMT +5
Каддафи резиденциясына бомба тасталды
АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - НАТО авиациясы дүйсенбі күні Ливия басшысы Муаммар Каддафидің резиденциясы орналасқан ауданға әуе соққысын жасады.
Ел үкіметі өкілінің мәлім етуінше, шабуыл нысанасы Каддафидің өзі болған, деп хабарлайды Utro.ru сайты.
БАҚ деректері бойынша, Триполи іргесіндегі Баб-әл-Әзизия резиденциясына 3-4 қуатты бомба немесе зымыран құлаған. Шабуыл салдарынан 45 адам жараланған, оның ішінде 15 адамның жағдайы ауыр.
Резиденцияның үш ғимараты қатты зардап шеккен, біреуінің төбесі опырылып ортасына түскен.