Каддафидің отбасы Алжирді паналады

АСТАНА. 30 тамыз. ҚазАқпарат - Қуғындағы Муаммар Каддафидің әйелі София, олардың балалары Ганнибал мен Мохаммед, қызы Айша Алжирді паналады.

Каддафидің отбасы Алжирді паналады

Lenta.Ru агенттігінің Алжир СІМ мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлауынша, бұл ақпаратты APS агенттігі таратқан.

Министрліктің хабарына қарағанда, Каддафидің зайыбы, оның қызы мен балалары өз балаларымен ливия-алжир шекарасын кесіп өтіп, Алжирге келген. Ал Муаммар Каддафидің өзіне келетін болсақ, оның қайда екені әзірге белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, ливиялық оппозицияның жоғары шенді өкілі Махмұд Шамам Каддафи Триполиге көтерілісшілер шабуыл бастағаннан кейін Алжирге қашып кетті деп мәлімдеген болатын. Алайда Алжир СІМ бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.

Алжир СІМ шекараны ешқандай автоколонна кесіп өткен жоқ деп атап көрсетті. Ал Каддафидің өзі Ливияда ақырына дейін болатыны жөнінде әлденеше мәрте мәлімдеген болатын.