Кадет корпусы 20 жылда екі мыңнан астам кәсіби сержанттарды даярлады (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 шілдеде Ш.Уәлиханов атындағы ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусы мен ҚР Қарулы күштерінің кәсіби сержанттары институтының құрылуына 20 жыл толады.
ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 20 жыл ішінде Кадет корпусы әскери білім беру жүйесінде өзінің бағытын берік орнықтырып, 18 оқу жылында кәсіпқой сержанттарды дайындап шығарды. Қазіргі кезде ҚР Қарулы күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарып жүрген 2 200-ден аса кәсіби сержантты осы оқу орнының түлектері.
Кәсіпқой сержанттарды даярлау жанындағы Кадет корпусының басты міндеті - олардың кәсібилігі мен құзыреттілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету болып табылады.
Түлектер Кадет корпусын аяқтағаннан кейін «Автомобильді және броньды танкті техниканы жөндеу бойынша слесарь» және «ЭЕМ операторы» біліктілігі, сондай-ақ, «3-сыныпты ЖӘЖМ механик-жүргізушісі» және «С» санатындағы автомобиль жүргізушісі куәлігі беріле отырып, «Командалық-тактикалық мотоатқыш әскерлері» мамандығы бойынша диплом алады. Жалпы білім беру базасында оқу мерзімі - екі жыл.
Одан басқа, жыл сайын Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамалары мен бөлімдерінде кадеттердің әскери тағылымдамасы өтеді. Олар үшін бұл жаңа практикалық тәжірибе және ҚР ҚК әскери бөлімдері мен бөлімшелерінде нағыз қызметті танып-білудің алғашқы мүмкіндігі болды. Оның үстіне жарты жылдан кейін олардың әрқайсысы өз қызметін бастауға кіріседі.
Әскери тағылымдаманың мерзімі - 2 ай. Бұл уақытта болашақ сержанттар кадет корпусында алған теориялық және практикалық дағдылары мен машықтарын бекітуге, Қарулы күштердегі шынайы қызметке дайындалуға, кәсіпқой көшбасшының дағдысын жетілдіруге тура келеді.