«KADEX-2014» халықаралық көрмесі аясында С.Ахметов шетелдік әріптестерімен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қорғаныс министрі Серік Ахметов «KADEX-2014» үшінші халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

«KADEX-2014» халықаралық көрмесі аясында С.Ахметов шетелдік әріптестерімен кездесті

РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесу барысында әскери саладағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Екі тараптың пікірінше, Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери және әскери-техникалық саладағы өзара сәтті іс-қимылдар үшін қажетті барлық жағдайлар жасалған.

Сондай-ақ Франция қорғаныс министрлігінің делегациясын бастап келген қару-жарақ генералы Жан Кристоф Нуромен жүздесу барысында ҚР Қарулы Күштерінің қару-жарағын жетілдіруде екі елдің қорғаныс ведомстволарының ынтымақтастығының маңыздылығы атап өтілді.

Сонымен қатар С.Ахметов Қазақстанның әскери-техникалық саладағы ынтымақтастығының перспективаларын испан тарабының өкілдері - «Grupo AGEM» компаниясының президенті Педро Эрмосильямен және қорғаныс экс-министрі Хосе Боно Мартинаспен кездесуі барысында талқылады.