Кәдімгі қараторғай - 2010 жылдың құсы!

АЛМАТЫ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Қазақстан биоалуандық сақтау қауымдастығы мен Қазақстан Құстарды қорғау одағының жетекші орнитологтарының бірігіп өткізген сауалнамасы нәтижесінде биылғы жылдың құсы болып - қараторғай таңдалды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2006 жылдан бастау алған аталмыш шара биыл 5-ші рет өткізіліп отыр. Осы сияқты шаралар Беларус, Ресей, Украина, Германия, Жаңа Зеландия, Эстония, Өзбекстан және тағы да басқа елдерде дәстүр ретінде өткізіліп тұрады.

Осы шараға орай биылғы жылы қараторғайларға көңіл аудару мақсатында әр түрлі дәстүрлі шаралар - ұя жасау, сурет, фото байқаулары өтеді.

2009 жылы жыл құсы ретінде бозторғай таңдалса, 2008 жылы тырналар жылдың құсы болған еді.

Қазақстанда қараторғайлардың 3 түрі мекендейді. Олар: қарапайым қараторғай, қызғылт қараторғай және майна деп аталатын үнді қараторғайы. Қарапайым қараторғай - көктемнің алғашқы хабаршысы. Соңғы жылдары Қазақстанның оңтүстік аумақтарында қараторғайлардың саны едәуір азайған.

Соңғы жаңалықтар