Кадрларға сұранысты анықтау жауапкершілігін мемлекеттік органдар арасында бөліп тастау қажет - Білім министрі

ТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, қазақстандық нарықтағы кадрларға деген болжамды сұранысты анықтау жауапкершілігін мемлекеттік органдар арасында бөліп тастауды ұсынды.
None
None

«Мысалға, Еңбек министрлігі экономиканың кадрларға сұранысын болжамдаудың бірыңғай әдіснамасын әзірлеуді өз жауапкершілігіне ала алады. Индустрия министрлігі - индустриалды жобалар шеңберіндегі кадрларға деген сұранысты, Экономика министрлігі - тиісті бағдарламалар шеңберінде», - деп атап өтті министр бүгін Астанада өтіп жатқан «Кәсіптік білім беру және бизнес: Әріптестер сұхбаты» атты ІІІ Халықаралық форумда сөйлеген сөзінде.

Б.Жұмағұловтың айтуынша, өз кезегінде Статистика агенттігі кәсіпорындардың кадрларға деген сұранысын, практиканы ұйымдастыруды, жас мамандарды жұмыспен қамту үшін бос жұмыс орындардың саны және оқу орындарымен жасалған келісімшарттар саны туралы мәліметтерге жауап бере алады. Ал жергілікті органдарға өңірлік және салалық кеңестер шешімдерінің негізінде - кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруды жүктеуге болады.

Бизнес өкілдерін Б.Жұмағұлов, техникалық және кәсіптік білімді басқаруға және қамқорлық кеңестердің жұмысына белсенді араласуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар