Кадрлық саясатқа ерекше назар аудару қажет - Н. Назарбаев

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Үкіметте өткен кеңесте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі кадрлық саясатқа ерекше назар аударып, осы бағыттағы жұмысты жандандыруға, кадрлық резервтерді жасақтауға назар аудартты.
None
None

«Бүгінгі күні кадрлық саясатқа ерекше назара аударуымыз керек. Естеріңізде болса, біздің тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары мен біздің бастамаларымызды кімнің жалғастыратынын, мұраттарымызды өмірге ендіретін кімдер екендігін ойлаумен болдым. Сондықтан да, баршаңызға белгілі қадамдар жасалды. Ал біздің әкімдер мен министрлер бұл бағытта нақты не атқарып жатыр? Неге өңірлерде басқарудың жаңа толқынын әзірлеу жүзеге асырылмайды. Неге сіздер тек өздеріңіздің корпоративтік мүдделеріңізді қорғайтындарға, туыстарыңызға сенім білдіресіздер. Мен әрине, бұған қарсы емеспін, жұмыс ыңғайлы болып, өздеріңіз сенетін адамдар істеулері керек. Алайда олар да сенімнен шығулары керек қой. Ал жаңағыдай таңдау қағидатымен жұмыс істеу, ең бірінші өздеріңізге қиын», - деді Елбасы.

Бұл ретте Мемлекет басшысы ісіне қарап, маманды, басшыны таңдау қажеттігін ескертті. Бұл ретте себепті де айтып көрсетті. «Оның себебі - Президент аппаратында да, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікте де бұл мәселемен ешкім шұғылданбайды. Жаңа толқын бойынша кадрлық резервке қатысты қамқорлық жоқ. Спорттық терминология бойынша айтсақ «қосалқы ойыншыларыңыздан» ешкім де жоқ», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар