00:04, 26 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Қадыров Мәскеу Собор мешітіне Мұхаммед пайғамбардың шашын сыйға тартпақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров жаңа Мәскеу Соборлық мешітіне Мұхаммед пайғамбардың шашын сый ретінде тапсырмақ, деп хабарлайды «Интерфакс» Ресей мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Арнайы капсулаға салынған, брондалған әйнекпен қорғалған аса қасиетті зат айрықша салтанатты жағдайларда ғана мешітке келушілердің назарына ұсынылатын болады»,-деп хабарлайды басқармадан.
Сондай-ақ Соборлық мешіттің ашылу салтанатына қатысқан Қадыров қасиетті затты астанаға жеке өзі әкелетіндігі атап өтілген.
Еске сала кетсек, он жылдай уақыт бойы қайта жаңғыртылған мешіттің биіктігі алты қабат, бір уақытта 10 мың адам құлшылық ете алады.