Қағбаны айналатындарға арналған матаф бұзылатын болды

NEWSru Israel-дің хабарлауынша, құрылыс кезінде тиісті қауіпсіздік шаралары сақталуда. Оған мешіт күзетшілері, азаматтық қорғаныс күштері, құтқарушылар, сонымен қатар техникалық қызметкерлердің қатысуда.
Мекке Вакфасының хабарлауынша, Рамазан айы қарсаңында жаңа көпқабатты галерея бой көтереді. Оның төменгі қабаты арбаға танылған мүгедектерге, екіншісі - тоқпен жүретін арбамен қозғалатындарға, қалған қабаттар өздігінен жүре алатын адамдарға арналады.
Жаңа ғимараттың өткізу қуаты - сағатына 117 мың адам деп есептелініп отыр.
Еске сала кетсек, Қағба 4 қабат айналма матафпен (қажылар Қағбаны айналу кезінде жүретін кеңістік) қоршалу жоспарланған. Былтыр күзде құрылыстың 3 қабаты салынып біткен. Әл-Құраши әл-Харам мешіті сағатына 114 000 адамды қабылдай алады.