Қағбаны күн сәулесінен қалқалайтын шатыр құрылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы билігі қасиетті Қағба айналасын күн сәулесінен көлеңкелейтін алып шатыр орнатуды жоспарлап отыр, деп хабарлады www.muslim.kz.
Сынап бағаны 40 градустан төмендемейтін бұл жерде жыл сайын қажылық маусымы кезінде көптеген жандар көз жұматыны белгілі.
Қазіргі уақытта осы келеңсіздіктің кесірін сәл де болса кеміту мақсатында түрлі жобалар ойластырылып жатыр. Бұл жайында қасиетті қос мешіттің кеңес төрағасы, шейх Абдула Рахман әл-Судаидың Сауд Арабиясының қаржы министрлігінің өкілдерімен өткен кездесуінде талқыланды.