Қағбаның құлпы ауыстырылды (ФОТО)

«Корол Абдулазиздың ғылым және технология орталығы осы мәселенің техникалық жағын тексеріп көру жөнінде тапсырма алды»,- деп хабарлады қасиетті екі мешіттің бас басқармасы.
«Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, есікке жаңа құлып пен 18 карат алтын қажет екені анықталды»,- деп айтылған мәлімдемеде.
Жаңа құлыпты қасиетті Қағбаның аға шырақшысы - шейх Әбдіқадыр әш-Шайбидің қолына ұстатты.
Сауд Арабиясында Қағбаны жуу, кисуасын және құлпын ауыстыру, т.б. шаруалардың қашан атқарылатынын корол соты алдымен шырақшыға хабарлайды. Қасиетті Қағбаның кілті де шырақшының қолында болады. Ол жылына екі мәрте пайдаланылады - алғашқыда Мұхаррам айында, екіншісінде - Шағбан айында.
Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (Алланың сәлемі мен иглігі жаусын) Қағбаның кілтін Осман бин Талхаға ұстатқан болатын. Содан бері Қағбаның кілті Талханың ұрпақтары ұстайтын болды. Кейін кілтті әш-Шайба отбасына өтті.