Кахраманмарашта тағы бір қазақстандық іздестіріліп жатыр - СІМ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Кахраманмарашта тағы бір қазақстандық іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сондай-ақ, Қазақстанның тағы бір азаматы әлі күнге дейін хабар-ошарсыз кетті деп есептелуде. Ол осы жылдың 6 ақпанынан бері байланысқа шықпады, тұратын жері - Кахраманмараш қаласы. Әпкесі министрліктің «жедел желісіне» хабарласқаннан кейін оны іздеу жұмыстарын бастадық. Қазіргі уақытта Қазақстан Елшілігінің қызметкері осы қалаға барып, түрік құтқарушыларымен бірлесіп оны іздестіруде. Көршілердің айтуынша, үй қираған кезінде оның ішінде болған», - деді Айбек Смадияров.


Соңғы жаңалықтар