Кахраманмарашта зілзаладан зардап шеккендер дауыл астында қалды

None
Фото: trthaber.com
АСТАНА. ҚазАқпарат – Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмарашта дауыл тұрып, бір адам қаза тапты және 44 адам жарақаттанды. Ақпан айындағы зілзаладан зардап шеккендер тұратын шатырлар да бүлінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі TRTHABER-ге сілтеме жасап.

Алапат дауыл қатты бұршақ жауған аудан орталығында пайда болды. Мемиш Өздал ауданындағы торнадо кейбір үйлердің шатырына зақым келтірген.

Торнадо салдарынан бір адам қаза тауып, 44 адам жарақат алды. Ол жер сілкінісіне байланысты орнатылған шатырлар мен контейнерлерге де әсер еткен. Аудандағы кейбір көліктердің төңкерілгені де байқалады.

Аймаққа жіберілген жандармерия десантшыларының жасақтары зардап шеккен аудандарда жұмыс істей бастады.

Пазарджиктің үйлестіруші губернаторы және Кырыккале губернаторы Бюлент Текбийкоглу жер сілкінісінен зардап шеккендер мүмкіндігінше тезірек басқа шатырлар мен контейнерлерге орналастырылатынын айтты.

«Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша біздің ауданда бұршақ жауды, соңы құйынға ұласты. Зардап шеккен 6 адамның жағдайы анағұрлым ауыр, екеуі аса ауыр жағдайда. Шамамен 170 шатырға зақым келген. Оларды ауыстырып, қайта құруды жоспарлап отырмыз», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар
telegram