Каир: EgyptAir ұшағында бомба бар деген ақпараттан соң жолаушылар қауіпсіз жерге шығарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Каирден Бангкок қаласына ұшуы тиіс болған EgyptAir компаниясының ұшағында бомба бар деген хабарлама түскен соң жолаушылар қауіпсіз жерге шығарылды, деп жазады РБК.
Әуе кемесі Каирден Бангкок қаласына ұшуы тиіс болған, бірақ рейс кешіктірілді. Бомба туралы хабарлама келген соң, кинологтар мен арнайы мамандар ұшақты тексеріп шықты. Бұдан бөлек, ұшақтың жолаушылары да тексерілді.
Кейінірек әуежай басшылығы Al Arabiya-ға ұшақта жарылғыш заттардың табылмағанын хабарлады. Рейс Бангкокқа аттанды.