16:55, 13 Ақпан 2011 | GMT +5
Каир мұражайынан Тутанхамонның мүсіні ұрланды
АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат Мысырда Каир мұражайынан бірегей жәдігерліктер ұрланды, соның ішінде фараон Тутанхамонның мүсіні де бар.
Бұл туралы журналистерге Египеттің ежелгі дүние істері бойынша мемлекеттік министрі мәлімдеді, деп хабарлады РБК агенттігі Би-Би-Сиге сілтеме жасап.
Тахрир алаңында орналасқан мұражайға тонаушылар Каирдағы халық толдқуы кезінде шабуыл жасаған. Мұражайға шабуыл анықталғаннан кейін оппозициялық демонстранттар армия жасақтары келгенше күзетіп тұрды. Мұражайға келген шығын әлі анықталған жоқ.
Тахрир алаңындағы ғимаратқа бірнеше рет жарылғыш салынған бөтелкелер мен тас лақтырылды. Соңғы кезде оны күзетуді Египет армиясы мойнына алған болатын.