Каир вокзалындағы өрт: 25 адам мерт болып, 50-ден астамы зардап шекті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Каир қаласындағы Мысырдың ірі теміржол стансасы - Рамсес вокзалында өрт шықты. Салдарынан кем дегенде 25 адам мерт болып, 50-ден астамы зардап шекті, деп хабарлайды bbc.com.

Құтқарушылардың дерегі бойынша, жолаушылар пойызы платформамен соқтығысып, оның соңы өртке ұласқан. Куәгерлер жарылыс даусын естіген.

Қаза тапқандар саны артуы мүмкін, деп хабарлайды Ассошиэйтед пресс дәрігерлерге сілтеме жасап.

Агенттіктің дерегі бойынша, өрт Рамсес вокзалына келген жүрдек пойызының жанармай багы жарылғаннан кейін шыққан.

Оқиға орнында қою түтін көрініп тұр. Апат болған жерге ондаған жедел жәрдем көлігі, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер келген.

Соңғы жаңалықтар