Каирде Хосни Мүбәрактың отставкаға кетуін талап еткен жаппай наразылық акциялары қайта басталды

АСТАНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат - Мысыр астанасы Каирде ел президенті Хосни Мүбәрактың отставкаға кетуін талап еткен жаппай наразылық акциялары қайта басталды.
None
None

Мыңдаған адам Тахрир орталық алаңына қайта шықты, деп хабарлайды РБК Би-Би-Сиге сілтеме жасап. Бақылаушылардың сөзіне қарағанда, бұл 25 қаңтардан - бүкiлхалықтық үкiметке қарсы шерулер басталған күннен бергі ең көп адам жиналған акция болып отыр.

Үкiметтiң билікті бейбіт жолмен беруге уәде еткеніне қарамастан, шеру өтті. Бұл - Х.Мүбәрактың жасаған мәлімдемесіне оппозицияның үн қатуы. Бұдан бұрын Мысыр президенті 2011 жылдың қыркүйегіне дейін президент лауазымында қалып, мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауын өткізетінін айтқан болатын.

Би-Би-Си тілшісінің сөзіне қарағанда, Х.Мүбәрактың режиміне қарсы шеруге «қоғамдағы әртүрлі жіктің» адамдары қатысты.

Соңғы жаңалықтар