08:01, 22 Қараша 2011 | GMT +5
Каирде қақтығыстарда мерт болғандар саны 35 адамға жетті
АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Египеттің астанасы Каирдегі шерушілер мен полиция арасындағы қақтығыстарда мерт болғандар саны 35-ке жетті, бұдан бұрын 22 адам өлгені жайлы хабарланған болатын.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, зардап шеккендердің жалпы саны екі мыңға жуықтады.
Өткен демалыс күндері Тахрир алаңында 2011 жылғы 25 қаңтардағы халық көтерілісі басталғаннан бергіі шерушілер мен полиция арасында ең қантөгісті жойқын қақтығыс болды. Қарсылық бідірушілер билікті әскерилердіен азаматтық басшылыққа беруді талап етуде.