Каирде өтетін халықаралық кинофестиваль әлемнің 67 елінен 150 фильмді жинайды
АСТАНА. Қарашаның 10-ы. ҚазАқпарат - Қарашаның 10-ы мен 20-сы аралығында өтетін Каир халықаралық кинофестивалінде әлемнің 67 елінен 150 фильм таныстырылады,
деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.
Биыл Каир кинофестивалінің құрметті қонағы - Үндістан. кинокөрсетілім бағдарламасын ашу құрметіне үнділік режиссер Кабир Кханның «Нью-Йорк» картинасы ие болды. Фестиваль аясында тағы 20 жаңа үнді фильмі көрсетіледі.
Каир фестиваліне биылғы «Оскардан» үміткер сегіз фильм қатысады. Фестивальдің гран-при жүлдесі үшін барлығы 16 фильм таласады, оның ішінде ресейлік режиссер Вера Глаголеваның «Бір соғыс» картинасы бар.