Каирде студенттер шеруге шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысыр астанасы Каир қаласында елдің бірқатар ірі жоғарғы оқу орындарының студенттері билікке қарсы шеруге шықты, деп хабарлады ВВС.

Каирде студенттер шеруге шықты

Олар бұған дейінгі шерулерге қатысып, ұсталған студенттерді босатуды талап еткен. Полиция бірнеше құрсаулы көліктердің көмегімен қарсылық танытушыларды таратты.

Шеруді тақтан тайған президент Мохаммад Мурсидің жақтастары ұйымдастырған болуы мүмкін, деген ақапарат бар.