17:00, 17 Наурыз 2017 | GMT +5
Каирде табылған 8 метрлік мүсін перғауын Рамзес II болмай шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар таяуда Каирде табылған 8 метрлік мүсін перғауын Рамзес II емес, жаңа дәуірге дейін VII ғасырда басқарушы болған ежелгі әулеттен шыққан Псамметиха I болуы мүмкін екенін анықтады.
Бұл туралы бейсенбіде Мысыр астанасында баспасөз мәслихатында хабарлады.
Мүсін Күн шіркеуі орналасқан орыннан табылды.
«Мүсіннің көлемі ежелгі мысырдық шіркеу мөлшерін көрсетеді. Мүсін 8 метр болса, онда шіркеу қақпасы кем дегенде он бес метр. Бұл осы орында үлкен бас шіркеу болғанын білдіреді», - деді Аль-Матария көне заттарды зерттеу департаментінің директоры Халед Абу Алела.
Мысыр және неміс археологтары көп жылдан бері сол жерде бірлескен қазба жұмыстарын жүргізуде. Бұл жерден Рамзес II көптеген бейнелері табылған. Сондықтан да бастапқыда мүсінді осы перғауын деп болжаған.
Болашақта жәдігер 2018 жылы ашылатын Үлкен Мысыр мұражайының Ұлы пирамидасына жеткізіледі.