Каирде тағы жарылыс: 1 адам опат болды, 15-і жараланды

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Каирде екінше рет жарылғыш құрылғы іске қосылды. Таратылған ақпараттарға сәйкес 1 адам қаза тауып, 15-сі жараланды, деп хабарлады Франс Пресс агенттігі.

Каирде тағы жарылыс: 1 адам опат болды, 15-і жараланды

Алғашқы жарылыс Каир орталығындағы полицияның штаб пәтерінде орын алып, күшті жарылыстан кемінде 2 адам мерт болып, 40 адам түрлі дәрежеде дене жарақатын алған еді. Мысырлық телеарналардың ақпаратына қарағанда, жарылыстан кейін қарулы адамдар ғимаратқа қарата оқ атқан.