Каирде тағы жарылыс: 1 адам жарақат алды
АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Каирде полиция академиясына тақау маңда тағы да жарылыс болып, 1 адам жарақаттанды, деп хабарлады Рейтерс агенттігі қауіпсіздік қызметіндегі дереккөзіне сілтеме жасап.
Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жарылысқа қатысты өзге ақпараттар қазіргі уақытта белгісіз болып отыр. Естеріңізге сала кетейік, кеше Каирдің әртүрлі аудандарында 4 жарылыс орын алған еді. Қастандықтың барлығы да негізінен полиция қызметкерлеріне қарсы жасалған. Лаңкестік әрекет салдарынан 6 адам қаза тауып, 10-нан астам адам жарақаттанды.