Каирде тұрғын үй опырылып түсіп, бес адам мерт болды

None
None
КАИР. ҚазАқпарат – Сенбі күні Каирдегі аудандардың бірінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үй құлап, бес адам мерт болды, 23 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Al-Ahram газетіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға түнде Гиср-эс-Суэйс атты халық тығыз орналасқан ауданда болды. Құтқарушылар тірі қалғандарды іздеу үшін үйінділерді бөлшектеп жатыр. Үйінді астында қалған адамдарды құтқару операциясы жүргізілуде.

Алдын ала мәліметтер бойынша, үй иесі екі қабатты заңсыз салған. Прокуратура тексеруді бастады.

Мұндай оқиғалар Мысырда жиі кездеседі, мұнда ғимараттар көбінесе биліктің санкцияларынсыз және құрылыс ережелеріне қайшы салынады. Өткен ғасырдың басында салынған көптеген үй бұрыннан күрделі жөндеуді қажет етеді, ал ел астанасында және басқа қалалардағы жаңа үйлердің көпшілігі заманауи техникалық стандарттарға сәйкес келмейді.

Сарапшылардың бағалауы бойынша, бір ғана Каирде тұрғын үйлердің шамамен 40%-ы еш жерде тіркелмеген және заң бұзушылықтармен тұрғызылған. Бұл негізінен кедей аудандарға қатысты.


Соңғы жаңалықтар