Каирде ұшақтағы эвакуациялау шарасы кезінде 3 адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Каирде ұшақтағы эвакуациялау кезінде 3 адам зардап шекті. Оқиға әуежайдан жеткен өрт дабылы туралы жалған хабардан соң орын алған, деп хабарлайды ТАСС.

 Каирде ұшақтағы эвакуациялау шарасы кезінде 3 адам зардап шекті

«Аль-Яум ас-Сабиа» порталының хабарлауынша, Нигерияның Лагос қаласына ұшып бар жатқан ұшақпен байланысты төтенше жағдай қазанның 2-сі күні таң ата болған.

Жолаушылардың заттарын қоятын бөлмені зарарсыздандыру жұмыстары кезінде дабыл іске қосылған. Бортта 86 жолаушы болған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Қалған жолаушылар Нигерияға өзге ұшақпен ұшып кетті.

Айта кетейік, ұшақтағы зарарсыздандыру жұмыстары Африка мемлекеттеріне қатынайтын кезде міндетті түрде жүзеге асырылатын шара.