Каирде Жерорта теңізі аймағындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған арнайы конференция өтуде
АСТАНА. Желтоқсанның 14-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Каирде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының «Жерорта теңізі аймағындағы әріптестік пен ЕҚЫҰ: қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі ынтымақтастық» атты тақырыптағы конференциясы өтуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаровтың айтуынша, аталмыш шара бүгін және ертең екі күн қатарынан өтеді. Бұл біздің еліміз үшін қорытынды шара болып табылады. Өйткені Қазақстан аталмыш ынтымақтастық тобындағы төрағалық қызметін осымен аяқтайды. «Конференция барысында оған қатысушылар ЕҚЫҰ-на тиесілі және Жерорта теңізі аймағындағы қауіпсіздіктің әскери-саяси қырларын сөз етпек. Сонымен қатар онда қаржы-экономикалық дағдарыстың көші-қон үдерісіне әсері, ЕҚЫҰ-ның Жерорта теңізіне қарасты елдермен қарым-қатынастарының болашағы жөніндегі мәселелер талқыланады.