Каирдегі әлем кубогында ел намысын кімдер қорғайды

Каирдегі турнир
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

АСТАНА. KAZINFORM – Нысана көздеуден еліміздің мергендері 24 қаңтар 1 ақпан аралығында Мысыр астанасы Каирде өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады. 

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, аталған додада әлемнің 66 елінен келген 625 спортшы бақ сынайды. Олардың қатарында қазақстандық мергендер де бар. 

Каирде Қазақстан намысын 15 спортшы қорғайды. Олар:

Винтовка: Константин Малиновский, Никита Шахторин, Юрий Юрков, Елизавета Безрукова, Арина Алтухова, Александра Ле;

Тапанша: Эльдар Иманқұлов, Валерий Рахимжан, Кирилл Цуканов, Ирина Юнусметова, Валерия Попелова, Малика Сейл, Никита Чирюкин, Руслан Юнусметов, Артемий Кабаков. 

Қазір нысана көздеуден Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасының 5 лицензиясына иелік етіп үлгерді. 

Айта кетейік, 2023 жылы әлем кубогының 11 кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан 6 алтын, 7 күміс, 5 қола иеленген. 

Соңғы жаңалықтар