08:03, 21 Қараша 2011 | GMT +5
Каирдегі қақтығыстарда зардап шеккен адамдар саны бір мыңға таяды
АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат - Каирда полиция мен шерушілер қақтығысының нәтижесінде зардап шеккендердің саны 928 адамға жетті, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі. Бұл туралы елдің денсацулық сақтау министрлігі мәлім еткен.
Кеше қақтығыстар ІІМ ғимаратының алдында жалғасты. Шабуылшылар ғимаратқа кіруге ұмтылды, Полиция министрлікке апаратын Мұстафа Махмуд көшесін жапты. Тахрир алаңы шерушілер қолында қалып отыр. Олар полицияға тас лақтыруда, ал полиция көзден жас ағызатын газбен жауап беруде. Олар ауданды толығымен бөгеп, автомобиль қозғалысын тоқтатты.
Бірнеше мыңдаған адам алаңда шеру ұйымдастырып, армия мен қарулы күштер жоғарғы кеңесінің басшысы, маршал Хұсейн Тантауиге қарсы ұрандандады. Олар әскерилер елдегі өтпелі кезеңде елді тұрақтылыққа жеткізе алмады деп кінәлауда және билікті азаматтық басшылыққа беруді талап етті. Кейбір шерушілер әскери кеңесті шұғыл таратып, «елді құтқару жөніндегі төтенше үкімет құруды талап етуде.