Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Каирдегі жарылыс құрбандарының саны артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Каирде шіркеудегі жарылыс кезінде көз жұмғандар саны артты. Ауруханаға жарақат алып түскен науқастардың бірі жан тапсырған. Осылайша, лаңкестік құрбандарының саны 26 адамға жетті, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

 Каирдегі жарылыс құрбандарының саны артты

Айта кеткен жөн, оқыс оқиға 11 желтоқсанда болған еді. Ол кезде ел астанасы Каирдегі шіркеуде жанкешті белбеуін таққан жас жігіт өзін жарып жіберген. Осыдан кейін елде 3 күндік аза тұту жарияланып, барлық шіркеулерде қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Жергілікті дәрігерлердің хабарлауынша,, қастандық кезінде жараланған 49 адамның 23-і әлі аурханада ем қабылдап жатыр. 3 науқастың жағдайы ауыр.