Каирдегі жарылыста зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Мысыр астанасындағы жарылыста қазақстандық азаматтар зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметінен.

Каирдегі жарылыста зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ

Ведомствоның мәліметінше, 2014 жылдың 24 қаңтарында Каир қаласында бірқатар террорлық әрекет орын алып, нәтижесінде бірнеше адам қаза тауып, ондаған адам жараланған. Зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Осы орайда, комитет Мысырдағы қазақстандық азаматтарға демалыс аймақтарынан алыс кетпеуге және қылмыс өршіп тұрған аудандарға бармауға кеңес береді.