11:44, 23 Ақпан 2009 | GMT +5
Каирдің орталығында жарылыс болды
КАИР. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат –Каир қаласының тарихи орталығындағы Хан эль-Халили қалалық базар ауданында болған жарылыстың салдарынан 4 адам қаза тапты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Мерт болғандардың екеуі - шетелдік азаматтар. Тағы 17 адам түрлі жарақат алған, олардың арасында 10 француз, 1 неміс, үш саудиялық бар. Алты адам ауыр жағдайда жатыр. Куәгерлердің айтуынша, мотоциклге мінген белгісіз біреу екі жарылғыш затты лақтырған. Бомбалардың бірі жарылмай қалған. Шамамен 1 сағаттан кейін сол ауданда тағы бір жарылыс болған, бірақ құрбан болғандар туралы әзірге ешқандай ақпарат жоқ. Хан эль-Халили ? туристер көп баратын Каир базары. Соңғы рет бұл базар 2005 жылдың сәуір айында радикалды исламшылардың шабуылына ұшыраған болатын. Онда Францияның екі азаматы мен бір американдық опат болған еді.