Какау Қазақстан құрамасынан және «Қайраттан» кететінін айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Какау командадан кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Какау Қазақстан құрамасынан және «Қайраттан» кететінін айтты

Бас бапкер бұл шешімі жайлы Словения астанасы Люблянада өтіп жатқан 2018 жылғы Еуропа чемпионатының ширек финалынан кейінгі баспасөз мәслихатында айтты. Оның шәкірттері осы ойында Сербия құрамасын 3:1 есебімен жеңген болатын.

Какаудың айтуынша, ол әлем біріншілігінен кейін бас бапкер қызметінен кетеді. Бұдан тыс, бразилиялық маман биыл жазда Алматының «Қайрат» футзал клубынан да кететіні туралы мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Какау басшылығындағы Қазақстан құрамасы қатарынан екі рет Еуропа чемпионатының жартылай финалына шығып, тарихи нәтижеге қол жеткізді. Ол бұдан тыс, «Қайратты» УЕФА Кубогының екі дүркін жеңімпазына айналдырды.