Қақпашы ойын кезінде есінен танып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бенфики» командасының қақпашысы Ян Облак Португалия чемпионатының 27-ші турында «Арукимен» арадағы ойын кезінде басынан жарақаттанды.

Қақпашы ойын кезінде есінен танып қалды

21 жастағы словениялық қақпашы «Арукидің» шабуылшысы Робертумен соқтығысып қалды. Оқиға ойынның 65-інші минутында орын алды. Жарақат салдарынан екеуі де алаңды тастауға мәжбүр болған. Облак біршама уақыт есінен танып жатқан. Ол бірден жергілікті госпитальға жіберілді, тек түнге қарай ғана үйіне қайтарылды, деп хабарлайды Vesti.kz.