Қақпашыларға әлем чемпионатының ресми добы ұнамай отыр
Бірнеше футбол құрамасының қақпашылары әлем чемпионатының ресми добына көңілдері толмайтынын айтып отыр.
Доп «Джабулани» деп аталады, бұл жергілікті зулустардың тілінен аударғанда «мерекелік» дегенді білдіреді екен.
АҚШ құрамасының голкипері британдық мамандар әзірлеген доп «өте жаман» жасалғанын айтса, итальяндықтардың қақпашысы Джанлуиджи Буффон, «жұмсартып айтар болсам, доптың қай жаққа ұшатынын болжап болмайды» деп отыр.
Өз әріптестерімен келісіп отырған Бразилия қақпашысы да, «Джабулани» добын кез-келген дүкенде сатылатын арзанқол доптарға ұқсатып отыр.
ФИФА болса, бұл арыз-шағымдарға берген жауабында «футболшылар әлемдік біріншілікте жеңіліп қалғандай болса, сәтсіздіктерін осылай ақтап алмақ» деп отыр.
"Джабулани" жаңа буын пластигінен және дәстүрлі 14 секцияның орнына 8 секциядан жасалған. Оны әзірлеуге 7 жылдай уақыт кетіпті.