Калькутта басшысы тұрғындарға үйлерін өзі жақсы көретін түске боятуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістандық Калькутта қаласындағы муниципалитет үйлерін көк және ақ түске сырлаған тұрғындарға салықтық жеңілдікті ұсынып отыр. Бұл түстерді штат басшысы Мамата Банерджи қатты ұнататын көрінеді.

Калькутта басшысы тұрғындарға үйлерін өзі жақсы көретін түске боятуда

Шенеуніктердің сөзіне қарағанда, күн шығып тұрған кезде бұл түстер жарықарай түседі және адамдардың көңіл-күйінің көтеріңкі болуына әсер етеді. Қаладағы көптеген муниципалдық ғимараттар көк және ақ түскерге сырланып жатыр. Алайда, бұл бастамаға сынмен қарап отырғандар бұл үндістандық конституцияға қайшы келетінін және кез келген азамат жергілікті билікті сотқа бере алатындығын алға тартуда. Сонымен қатар аталған салықтық жеңілдіктер салдарынан қала бюджеті қажетті қаржыдан қағылуы мүмкін екені айтылуда, деп жазады ВВС.