Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қала 350 мың долларға сатылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Интернетте Джеймс Джонсон деген адам АҚШ-тағы Кэбин-Крик қаласын 350 мың долларға сатып алуды ұсынды. Джонсон өзін осы қаланың иесімін деп атапты.

Қала 350 мың долларға сатылады

Егер қала сатыла қалған жағдайда, оны сатушы ақшаны қалтасына басып, әлем елдерін аралауға шықпақшы екен. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында Кэбин-Крик қаласында кісі өлтіру оқиғалары жиі болыпты. Содан үрейленген қала тұрғындары елдің өзге өңірлеріне қоныс аударған көрінеді. Сол кезден бері шаһар қаңырап бос қалған, адам тұрмайды. Дегенмен, ондағы ғимараттар мен тұрғын үйлер жақсы сақталыпты. Ондағы дүкендер мен дәмхана, мейрамханалар орналасқан орын-жайлар сол қалпында бүлінбей әлі тұр. Алғашында Д.Джонсон бос қалған қаланы аттракционға айналдырмақ болыпты, оның реті келмеген. Енді Денвер қаласынан 45 минуттай жол жүріп жететін қала өзінің жаңа қожайынын күтуде.