Қала әкімі «Қайрат» футбол клубын құттықтады

АЛМАТЫ. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімов «Қайрат» клубын футзалдан УЕФА кубогының қола жүлдегері болуымен құттықтап, ойыншыларды Құрмет грамотасымен марапаттады,

Қала әкімі  «Қайрат» футбол клубын құттықтады
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Қазақстан футболы тарихында біздің команда УЕФА Кубогында 3-ші орын алды. Еуропада үшінші команда болу ? бұл үлкен құрмет», деді Ахметжан Смағұлұлы. Қазақстан футболын дамытуға Елбасы да үлкен мән беріп отырғанын айтқан қала әкімі бұл жеңіс ең алдымен команда басшылығының еңбегі екенін де атап өтті. Ал «Қайрат» футбол клубының президенті алдағы маусымда да қазақстандықтар сенімін ақтауға уәде беріп, УЕФА Кубогында жеңіп алған қола медалді қала әкімдігіне табыс етті. Қазіргі таңда қалалық әкімшілік тарапынан қаржыландырылатын «Қайрат» клубы бұл футбол маусымын Қарағанды мен Теміртаудағы ойындарда жеңіспен бастап отыр. Құрылымдық жағынан өзгерген команда қайта жасақталған болатын.