Қала әкімі қолтырауынға үйленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың шағын балықшылар қаласы Сан Педро Уамелуланың әкімі «дуаланған ханшайым» - қолтырауынға үйленді.

Қала әкімі қолтырауынға үйленді

Жергілікті тұрғындар да осылай санайды. Бұл символикалық ежелгі дәстүр. Кішкентай ғана бауырымен жорғалаушы тиісінше той көйлегін киді, деп хабарлады Russia Today телеарнасы.

Ырымшыл жергілікті балықшылар мұның мол табыс әкелетініне сенеді. Қала әкімі Хоэль Васкес Рохас «ханшайыммен» үйленгеніне өте қуанышты екенін айтты. Той рәсімі алдында қаланы аралап, тиісті салт-жоралғылар жасалғаннан кейін қала басшысы әйелімен аздап би де биледі.

Салтанатты рәсімді ұйымдастыру үшін қала тұрғындары қаражат жинаған.