Қала аумағында күндіз автокөліктің шамын жақпағандарға айыппұл салынбауы мүмкін

Автомобиллар
Фото: pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM – Қала аумағында күндіз автокөліктің жарық шамын жақпағандар айыппұл салынбауы мүмкін, яғни тек ескерту жасалады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Жол жүрісі туралы» Заңына жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау кезінде мәлім болды.

«Көлік жүргізушілері арасында үлкен тақыға түскен, қарсылық танытқан бір мәселе болды. Яғни күндіз жарық шамын қалада жағып жүруге қатысты осыған дейін біраз уәж айтылды. Барлығын міндеттеп, жақпағандарға айыппұл салынды. Енді қазір сол айыппұлдарды Әкімшілік кодекстен алып тастау ұсынылып отыр. Жалпы, бұл шешімге не себеп? Расымен, күндіз қалада жарық шамын жағып жүру талабы жылдар бойы нәтиже бермесе, қарапайым халықты қинап, миллиондап айыппұл салу талабын енгізу бұған дейін не үшін керек болды?» - деп сұрады Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев.

Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Екатерина Смышялева қала аумағында күндіз жарық шамын жағып жүру талабы осыған дейін халықаралық құқық аясында ескерілгенін айтты.

«Халықаралық стандарттарға сәйкес, бұл шара күндіз жүріп жатқан автокөліктің дұрыс көрінуін қамтамасыз етуге, көліктің көлемін дұрыс бағалауға, яғни жолдағы қауіпсіздікті күшейтуге қажет болды. Енді жаңа ұсынысқа тоқталсақ, осы норманы қолдануға талдау жасадық. Бұл ретте, екі нұсқа бар – ескерту мен айыппұл салу. Күндіз жарық шамын жақпағандарға қатысты ескерту жасау жиі қолданылатынын анықтадық. Ал айыппұл салу сирек кездеседі. Сондықтан қала аумағында ескерту (полиция) жасаумен шектелетін болды. Ал трассада бұрынғы талаптар сақталады», - деді Е. Смышялева.

Соңғы жаңалықтар