Қала басшылығы Алматы көшелерін ластайтындармен қатаң күреспек
АЛМАТЫ. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматы қаласы көшелерін қысқа әзiрлеуге арналған жиын барысында қала әкімі тәртіп сақшылары мен басқа да қызмет орындарына "Таза қала" акциясын өткізуді тапсырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Бірінші қыркүйектен бастап Алматыда "Таза қала" акциясын жүргіземіз. Көшені ластап жүрген жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің фотосуреттерін баспасөз беттерінде жариялап, теледидардан көрсетеміз. Осы арқылы Алматының көшелерін ластайтындардың кім екендіктері белгілі болады", деді Ахметжан Есімов.
Заң бұзушылардың барлығы ҚР заңнамасына сәйке айыпталып, айыппұл төлейтін болады. Заңда жеке тұлғаға 20 АЕК көлемінде, лауазымды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлерге 20-дан 40 АЕК-қа дейін, ірі өнеркәсіп орындарына 50-ден 100 АЕК-қа дейін айыппұл салу көзделген.